Өңдеу өнеркәсібіндегі ШОБ субъектілерін қаржыландырға 200 млрд. теңге бөлінді - Қ.Бишімбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға 200 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банктің бірлескен іс-қимыл жоспары аясында өңдеу өнеркәсібіндегі ШОБ субъектілерін жеңілдікпен қаржыландыруға 200 млрд. теңге бөлінді»,-  деді ол.

Министр деректеріне сәйкес, 2016 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша револьверлік орналастыру есебінен 260 млрд. теңгеден жоғары сомаға 1 353 ШОБ жобасы қаржыландырылды.

«Бұл 740 млрд. теңге сомаға өнім шығаруға, 15 700-ден астам жұмыс орындарын құруға, 66,8 млрд. теңге бюджетке түсетін салық сомасын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», - деді Қ.Бишімбаев.

Соңғы жаңалықтар