Өндіріс көлемі кемігенімен, одан түсетін қалдықтар көлемі азаймай отыр ? Бас прокуратура

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бас прокуратура өндіріс саласында пайда болатын қалдықтарды сақтау мен оларды жоюды реттейтін заңдардың орындалу барысына тексеру жүргізді.
None
None
Тексеру жұмыстарының нәтижесі еліміздегі өндіріс көлемінің азаюына қарамастан қалдықтардың бұрынғы күйінде қалып отырғандығын көрсетті. Осыған орай қазір елімізде осы қалдықтарды тастайтын арнайы полигондар жетіспей отыр. Бұл мәселе жөнінде бүгін журналистермен болған апталық брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның сөзіне қарағанда, жағдайдың осылайша сипат алуына байланысты өндіріспен қоса тұрмыстық қалдықтар да арнайы рұқсат етілмеген аймақтарға тасталынуда. «Бұның қоршаған ортаға қаншалықты зиянын тигізетіні белгілі. Өйткені, рұқсат етілмеген аймақтағы қалдықтар не көмілмейді, не арнайы компоненттерге бөлінбейді. Ал осы мәселені бақылайды деген құзырлы мемлекеттік орган өкілдері қалдықтар тасталатын орындардың қайда екенін де білмейтін болып шықты», деді ресми өкіл.Оның мәліметтері бойынша, кей жағдайда тіпті қалдықтардың арнайы рұқсат етілмеген аймақтарға тасталынуына жергілікті атқарушы орган өкілдерінің өздері кінәлі болып жатады. «Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданының әкімдігі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңды өрескел бұза отырып, қалдықтар тастау үшін 8 гектар аймақты қамтитын жер бөлу жөнінде шешім шығарыпты. Ал прокурорлық тексерулер ол жерде көптеген пайдалы қазбaлардың бар екендігін анықтады. Осыған байланысты бұл мәселеге наразылық білдіріліп, аудан әкімі шешімінің күші жойылды. Ал заңсыз тасталған қалдықтар әлі сол орында жатыр. Өйткені жергілікті әкімшілік оған қандай шара қолдану қажеттігін әлі шешпеген», деді С.Нұрпейісов.
Соңғы жаңалықтар