Өндіріс орындарында еңбек қауіпсіздігін сақтауға көңіл бөлініп отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы өндіріс орындарындағы еңбек қауіпсіздігін сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға үнемі көңіл бөліп келеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мердігерлердің бұл бағыттағы жұмысын жетілдіру және бағалау бағдар­ламасы да енгізілген. Компания басшылары жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген бірқатар мердігерлерді салтанатты түрде марапаттады.Шара барысында «ПетроҚазақстанның» басқарма төрағасы Фан Цзя-Чжун жыл сайын мердігерлер қатары көбейіп келе жатқандығын, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау өзекті мәселе екендігін тілге тиек етті. Мұнан әрі басқарма төрағасы өткен жылы жаңа кеніштер игерілмегенін, алайда, 3 млн.тоннадан астам мұнай өндірілгенін айта кетті. Мердігерлер осы көрсеткіштер мен имиджді көтеруге зор ықпал жасаған.

Байқау 41 мердігер арасында ұйымдастырылды. Қорытындысында 10 компания жеңімпаз атанып отыр. Бас жүлде 250 жұмысшы еңбек етіп жатқан мұнай ұңғымаларына күрделі және жерасты жөндеу жүргізетін «Дос Инжиниринг ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бұйырды. Ал байқаудың күміс жүлдесін үш компания иеленді. Оларға қоламен әшекейленген кубок және бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум