09:09, 02 Шілде 2009 | GMT +5
Өндірістік оқиғалар екі жұмысшының өліміне әкелді - Төтенше жағдайлар министрлігі
АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат - Өндірістік жұмыстардың барысында орын алған жазатайым оқиғалардың салдарынан екі жұмысшы қаза болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысының Теміртау қаласында «Огнеупорстроймонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің №2 цехында кеше, шілденің 1-і күні сағат 23.15-те кірпіш көтеретін жүкарбамен жұмыс істеу кезінде бас жарақатын алып, оқиға орнында жұмысшы әйел көз жұмды.
Осы облыстың Бұқар жырау атындағы ауданындағы «Горняк» бау-бақша қоғамында кеше сағат 15.08-де саяжай үйшігін бұзу кезінде тақта басып қалған «Раушан апа» ЖШС-ның жұмысшысы оқиға орнында қайтыс болды.