Өндірушіден тұтынушыға дейін: тауар саудасы қалай цифрландырылып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Отандық тауарлар саудасын ілгерілету мақсатында ұлттық тауарлар каталогі және электрондық тауарлар каталогі құрылады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлім етті.

— «Сауданың цифрлық айна» моделі өндірушіден тұтынушыға дейінгі тауар қозғалысының толық цифрландырды. Бұл модель тауардың код беру мен әкелуден бастап дүкендегі сатылым мен тұтынушыға жеткізілуіне дейінгі барлық кезеңді тіркеп отырады. Осылайша біз тауардың тұтас циклін қамтитын толық цифрлық экожүйені құрамыз, — деп отыр Арман Шаққалиев Үкімет отырысында.
Министрдің мәлімдеуінше, қазір тауарларды каталогқа енгізу және кодтау бойынша іс-шаралар іске асырылып жатыр.
— Бұл дегеніміз тауарлар, жұмыс және қызметтің бірыңғай классификаторын және ұлттық тауарлар каталогін енгізу. Бұл жүйе тауарды бірегей жүйе бойынша есепке алуға оның атауын стандарттауға және өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды қадағалауға мүмкіндік береді. Биыл тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жалпы классификаторын жүргізу тәртібін ұлттық тауарлар каталогтің ұғымын және міндетті түрде қолдануды көздейтін қажетті заңнамалық нормалар қабылданды. Қазір классификация 1,3 миллион тауарға жасалды. «Ұлттық тауарлар каталогі» мен «Электрондық тауарлар каталогінің» жұмысы аяқталуға жақын, — дейді ол.
Бүгін Үкіметте сауда саласын цифрлық трансформациялау барысы мен даму болашағы талқыланып жатыр.