Өнер саласындағы қызметкерлердің орташа жалақысы - 106 мың теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өнер, ойын-сауық және демалыс саласындағы қызметкерлердің жалақысы жылдық көрсеткіш бойынша 17,5% өсті. ҚР бойынша сәйкес мерзімдегі жалпы жалақының өсімі 15,6% құрады.
None
None

Қазақстанда 100 қызметкердің екеуі мәдени-бұқаралық салада қызмет етеді, деп мәлімдеді Ranking.kz.

Екінші тоқсан қорытындысы бойынша, 129,6 мың қызметкер өнер, ойын-сауық және демалыс саласында жұмыс істейді. Бұл ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштен  0,1% артық.

ҚР жұмысшыларының ішінде мәдени бұқаралық секторда қызмет ететіндердің үлесі 2,1%-ды құрайды. Салыстырып өтейік, 5 жыл бұрын, яғни 2011 жылы өнер және ойын-сауық қызметкерлерінің үлесі 1,5%-дан аспаған.

Өнер, ойын-сауық және демалыс саласындағы қызметкерлердің айлық орташа жалақысы екінші тоқсан қорытындысы бойынша 106,1 мың теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен  15,8 мың теңгеге немесе 17,5% артық. Еңбекақының жылдық өсімінің қарқыны ҚР бойынша орташа жалақы өсімі қарқынынан артық. Алайда еңбекақы көлемі орташа деңгейден төмен. 2016 жылы екінші тоқсанда елдегі барлық сала бойынша айлық орташа жалақы үлесі  143,6 мың теңгені құрады.  

Ең жоғары жалақыны Астанадағы мәдени-бұқаралық сала қызметкерлері алған - 200 мың теңге. 2015 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда өсім 32,3 мыңды немесе 19,5%-ды құрады. Екінші орында - Ақтөбе облысындағы мәдени-бұқаралық сала қызметкерлері - 129,4 мың теңге. Үшінші болып үздіктер қатарына мәдени астана - Алматыдағы осы сала қызметкерлері кіреді. Олардың орташа айлық жалақысы 126,6 мың теңге. Өсім жылына 18,8 мың теңгені немесе 17,4%-ды құрады.

Саладағы жалақы өсімінің анағұрлым жоғары қарқыны Қостанай облысында байқалды.  2,1 есе - 122 мың теңгеге дейін өскен.

Жыл басына қарай елде 4,2 мың кітапхана, 3,2 мың мәдениет клубы, 234 музей, 124 ойын-сауық және демалыс саябағы, 93 кинотеатр, 64 театр, 44 концерт залы мен 5 зообақ жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар