Өнеркәсіп өндірісінің көлемі соңғы үш жылда 1,6 есеге өсті - БҚО әкімі

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, бұған облыста сәтімен жүзеге асырылып жатқан «Бизнестің жол картасы - 2020» және «Өнімділік - 2020», «Экспорт - 2020» сынды мемлекеттік және салалық бағдарламалар оң серпін беріп отыр.
2012 жылы 1 триллион 633 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, соның ішінде өңдеу өнеркәсібінде - 104 млрд. теңге, нақты көлем алдыңғы жылғы деңгейден 5,3 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемінің 3 пайызға өсуі қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар БҚО инновациялық белсенділік бойынша республикада бірінші орында тұр. Индустрияландыру картасы аясында өңірде 1700 жұмыс орнын ашу арқылы жалпы сомасы 256 млрд. теңгеге 33 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған болатын. Күні бүгін 29 жоба мәреге жетті, оның ішінде 10 жоба (жалпы сомасы - 5,3 млрд. теңге) 420 жұмыс орнын ашу арқылы 2012 жылы іске қосылды.
Биыл тағы үш жобаны іске қосу жоспарланып отыр.