Өнерпаз жастардан құралған ақпараттық-насихаттық топ Қаратерең және Бөген ауылдары тұрғындарымен кездесті - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Арал ауданының әкімінің қолдауымен «Жастарды қолдау орталығы» МКМ-нің Арал аудандық бөлімі, «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы «Жас Отан» жастар қанаты бастамасымен ауданның өнерпаз жастарынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын насихаттау мақсатында Қаратерең және Бөген ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
None
None

Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында мектеп ұстаздары Елбасы Жолдауына байланысты ойларын ортаға салып, жастар Жолдауға қолдау білдіріп, жүзеге асуына атсалысатындығын жеткізді. Сонымен қатар, аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Ә. Есеналиев өз саласы бойынша ақпарат беріп, ауыл жастарына кеңінен түсіндіріп өтті.

Ақпараттық-насихаттық топ жұмысы аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласып, ауыл халқына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Соңғы жаңалықтар