Өнімдеріміз сапалы әрі экологиялық жағынан таза болғандықтан ішкі және сыртқы нарықта сұраныс жоғары - Б.Абдрахманов

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Өнімдеріміз сапалы әрі экологиялық жағынан таза болғандықтан ішкі және сыртқы нарықта сұраныс жоғары. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Бурабай ауданындағы «Хоттей» ЖШС-нің директоры Болатбек Абдрахманов айтты.
None
None

Оның айтуынша, Щучье қаласында орналасқан кәсіпорын бүгінгі күні тәулігіне 120 тонна бидай өңдеп, бірінші және екінші сортты ұн шығарады. 2016 жылдың 1-ші тоқсанында 500 тонна ұн, 600 тонна кебек шығарылған. Өнім Қазақстан Республикасынан өзге Ауғанстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдеріне экспортталып жатыр. Осы күні кәсіпорын 27 адамды жұмыспен қамтып отыр.
«Біздің өнімдеріміз сапалы әрі экологиялық жағынан таза болғандықтан ішкі және сыртқы нарықта сұраныс жоғары. Біздің өнімдердің сапасы шетелдік өнімнен еш кем емес. Сондықтан, өндірісті ұлғайтуды көздеп отырмыз», - дейді Б.Абдрахманов.
Еске сала кетейік, Ақмола облысында астық өндеп, ұн шығарумен айналысатын 50 кәсіпорын болса, соның бірі - «Хоттей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

null null  

Соңғы жаңалықтар