Өңір экономикасына бір айда 5,6 млрд. теңге инвестиция құйылды

ОРАЛ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қаңтардағы инвестиция көлемі 5,6 млрд. теңгеге жетті, бұл өткен жылғыдан 21,8 пайызға артық.
None
None
Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, осының 3012,5 миллионы кәсіпорын, ұйымдар мен тұрғындар қаржысы болса, 2528,5 миллионы шетелдіктер үлесіне тиеді. 66,8 млн. теңге бюджеттік қаржының 37,9 миллионы ? республикалық, 28,9 миллионы жергілікті қазынаға тиесілі. Шетелдік қаржы Қарашығанақ кенішін жайластыруға, Зеленов ауданында геологиялық барлау жұмыстарына кетсе, жергілікті бюджет есебінен түрлі мекенжайлар салынып, қайта құрылып, жабдықтар алынуда. Ал республикалық бюджет қаржысы Орал қаласындағы кәріздік коллектордың екінші кезеңін салуға жұмсалуда.
Соңғы жаңалықтар