20:10, 18 Ақпан 2009 | GMT +5
Өңір халқы 618,9 мың адамға жетті
ОРАЛ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының халқы 618,9 мың адамға жетіп, соның 276,4 мыңы ( 44,7 пайыз ) – қала, 342,5 мыңы ( 55,3 пайыз ) ауыл тұрғындары болып отыр.
Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, өткен жылы облыс халқы 3558 адамға көбейіп, қалалықтар ? 3485-ке, ауылдықтар 73-ке өсті. Халықтың табиғи өсімі 5381 адамға жетіп, 43,1 пайызға артты. 2008 жылы дүниеге келген 11718 сәби тіркелді, бұл алдыңғы жылғыдан 11,9 пайызға көп. Бір жылда 6337 адам өмірден өтті, бұл 2007 жылғыдан 377-ге немесе 5,6 пайызға аз.
Өңірдегі тұрғындар саны туралы толық мәліметтер алдағы халық санағы нәтижесінде белгілі болады.