Өңірде 2,3 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды

ОРАЛ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 2,3 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды, бұл жөнінен облыстың республикадағы үлесі 3,8 пайызды құрады.
None
None
Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, өңірдегі ірі және орта құрылыс ұйымдары өз күштерімен 1,9 млрд. теңгенің мердігерлік жұмыс көлемін орындады, бұл 2008 жылғы қаңтардағыдан 1,4 есеге артық. Жұмыс көлемінің төрттен үш бөлігі (1,5 миллиардтай теңге) ? жеке, 23,9 пайызы ? шетелдік, 1,1 пайызы (20,3 млн. теңге) мемлекеттік кәсіпорындар үлесіне тиеді. Жаңа құрылыста, техникалық қайта құруда ? 1,8 млрд., күрделі және ағымдағы жөндеуде ? 34,5 млн., басқа мердігерлік жұмыстарда 62 млн. теңгенің жұмысы атқарылды. Қаңтарда құны 1,2 млрд. теңгені құрайтын 8,2 мың шаршы метр 53 нысан іске қосылды.
Соңғы жаңалықтар