Өңірде әлеуметтік кесел ? туберкулез дерті едәуір азайды

ОРАЛ. Ақпанның 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қаңтар айында әлеуметтік кесел болып есептелетін туберкулезбен ауырған 64 адам тіркелді, бұл өткен жылғыдан 27,3 пайызға аз.
None
None
Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, осының 40-ы немесе 62,5 пайызы облыс орталығында анықталған. Аталмыш кесел Теректі ауданы мен Оралда көбейіп отыр. Өңірде бір айда жоғары тыныс жолдары жұқпалы ауруына шалдыққан 7468 адам тіркелді, 23,2 пайызға көп. Сондай-ақ геморрагиялық безгек дертімен 4 адам ауырса, екі адам ВИЧ-инфекциясын ( 2008 жылғы қаңтарда ? 11 ) жұқтырған.
Соңғы жаңалықтар