Өңірде ана мен бала өлімінің алдын алу үшін арнайы штабтар құрылмақ

ОРАЛ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысы аудандарында ана мен сәби өлімінің алдын алу үшін арнайы штабтар құрылмақ,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, мұндай штабтар әрбір жағдайды зерттеп, тиісінше шаралар қолданылатын болады. Басқарма бастығының орынбасары Ғизатолла Ләмовтің сөзіне қарағанда, облыстың Ақжайық, Зеленов, Теректі, Тасқала сынды аудандарында туу саны артып, өлім азайғанымен, ана қазасы мен нәрестенің шетінеуі әлі де күрделі күйінде қалып отыр. Мәселен, Ақжайық, Зеленов аудандарында түрлі аурудан төрт бірдей нәресте шетінеді. Сәбидің мерзімінен бұрын дүниеге келуі, аяғы ауыр аналардың есепке кеш тіркелуі тектес жәйттар да жетерлік. Тіпті Зеленов ауданының орталығы Переметный ауылында тиісті саланың дәрігері де жоқ. Ана мен бала денсаулығы Елбасы назарынан тыс қалып көрген емес. Сондықтан аймақта арнайы құрылатын штабтар да бұл бағыттағы жұмысты ширатуы тиіс.
Соңғы жаңалықтар