19:51, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдері 0,8 пайызға көбейді
АҚТАУ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - 2009 жылдың қаңтарында облыс бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 173,8 млн. теңгені құрады, ал салыстырмалы бағада – 154,5 млн.теңге, ол 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8 пайызға көп,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап.
Биыл қаңтарда облыс бойынша мал мен құс етінің барлық түрін өндіру өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,8 пайызға артты. Ет өндірудің артуы Ақтау қаласынан басқа облыстың барлық өңірлерінде байқалды.
Сүт өндіру 1,3 пайыз артып, жұмыртқа - 3,9 пайыз кеміді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда осы жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша шаруашылықтың барлық санаттарында мал басының барлық түрінің өсімі артқаны байқалды.