17:27, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Өңірде азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты күйінде қалып отыр
ОРАЛ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында негізгі азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты күйінде қалып отыр.
Бұл туралы Тасқала ауданы әкімдігінде орта және шағын бизнес нысандары басшыларымен кеңесте де атап өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесуде теңге девальвациясына байланысты алынып отырған шаралар сөз болды. Аудан әкімінің орынбасары Қуат Мусин осы орайда баға бұрынғы күйінде қалуы керек екендігін, өзгерістердің бәрі бақылаушы органдармен келісілуі тиістігін атап өтті. Бизнес өкілдері бағаның ең алдымен облыс орталығындағы көтерме сауда нүктелеріне қатысты екендігін айтты.
Жалпы, Орал қаласы мен басқа аудандарда да жағдай толық бақылауда. Бағаға байланысты мониторинг жүргізіліп, соған орай тиісті шаралар алынуда.