Өңірде дағдарысқа қарсы шаралар жүзеге асырылуда

Л. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында дағдарысқа қарсы шаралар жүзеге асырылуда,
None
None

 

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шыңғырлау ауданының әкімі Марат Тоқжановтың айтуынша, аудан экономикасын тұрақтандырудың 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, онда дағдарысқа қарсы тұру, халықты әлеуметтік қолдау мәселелері кеңінен көрініс тапқан. Мәселен, күні бүгінге дейін ауданда 121 жаңа жұмыс орны ашылып, 151 адам қоғамдық жұмысқа тартылып, жыл басынан бері 118 адам жұмысқа орналастырылды. 23 әлеуметтік жұмыс орны құрылып, 29 адам кәсіби оқуға жіберілді. «Жол картасына» сәйкес 125 әлеуметтік орын ашылып, жастар тәжірибесімен 11 студент қамтылды. Сонымен қатар жұмыс орындарын қысқартпау үшін 13, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру бағытында 19, барлығы 32 меморандумға қол қойылды.

Қазіргі уақытта әлеуметтік сала нысандарын тұрғызу, күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Айталық, бір ғана Қарағаш елді мекеніндегі жаңа мектеп құрылысын аяқтау үшін 196 млн. теңге бөлінді. Жеке және коммуналдық тұрғын үйлер де бой көтеруде.

Осындай қат-қабат шаруалар облыстың барлық ауданында атқарылуда.

Соңғы жаңалықтар