10:40, 21 Қаңтар 2011 | GMT +5
Өңірде Интернет қызметін пайдаланудан түскен табыс 37,6 пайызға өсіп отыр - БҚО
ОРАЛ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында электрлік байланыс кәсіпорындары 2010 жылы 5489,9 млн. теңгенің қызметін көрсетті, бұл алдыңғы жылғыдан 3,5 пайызға артық.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, халыққа қызмет көрсетуден түскен табыс 2972,2 млн. теңгені құрап, 2009 жылмен салыстырғанда, 10,1 пайызға көбейді. Әсіресе, Интернет қызметін пайдаланудан түскен табыс 1227,5 млн. теңгеге жетіп, 2009 жылғыдан 37,6 пайызға асып түсті.
Ауылдық жердегі байланыс көлемі 12,3 пайызға өсіп, 1336,8 млн. теңге болды.
Пошта және курьерлік байланыс кәсіпорындары бір жылда 260,1 млн. теңгенің қызметін көрсетті, бұл 2009 жылғыдан 1,2 пайызға кем.