19:00, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Өңірде коммуналдық дүкендер жұмыс істейді
ОРАЛ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Шыңғырлау ауданында жеті коммуналдық дүкен болса, соның үшеуі аудан орталығында орналасқан,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мұндағы тауарлар бағасы жеке меншіктегі дүкендерге қарағанда 15-20 пайызға арзан. Бәрі де тұрмысы төмен отбасылар, соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған. Олардың осында ұдайы келіп, қалаған азық-түлігін сатып алуына толық мүмкіндігі бар. Аудан орталығында коммуналдық меншіктегі наубайхана, асхана және монша да бар.
Аудан әкімі Марат Тоқжановтың сөзіне қарағанда, күн сайын аудандағы дүкендердің халыққа бірінші кезекте қажетті азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізіліп тұрады.