11:47, 10 Қаңтар 2010 | GMT +5
Өңірде мәдениет үйлерін жөндеуге ерекше мән беріліп отыр
ОРАЛ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Тасқала ауданы Ақтау ауылында мәдениет үйі іске қосылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш ғимаратты күрделі жөндеу жұмысын «SAER» ЖШС атқарды. Бұл мақсатқа 21,6 млн. теңге бөлініп, толық игерілді. Мәдениет үйі сахна киімдерімен, жиһаздармен қамтамасыз етілді.
Аудан әкімі Өтеміс Мырзағалиевтің айтуынша, 2008 жылы Шежін ауылдық мәдениет үйі 14 млн. теңгеге күрделі жөнделсе, өткен жылы сондай-ақ аудан орталығындағы мәдениет-спорт кешеніне осындай жұмыстар жүргізілді. «Жол картасына» сәйкес мұндағы спорт залы ретке келтіріліп, 17 млн. теңгенің жұмысын «Эксперимент» ЖШС атқарды. Биыл қаржы мүмкіндігіне қарай Мерей ауылдық мәдениет үйін жөндеу ойластырылып отыр.