Өңірде мемлекеттік бюджетке 305 млрд. теңге құйылды

ОРАЛ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы мемлекеттік бюджетке 305 млрд. теңге жиналып, болжам 109 пайызға орындалды.
None
None
Облыс әкімдігінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл экономика салаларының тұрақты дамуы нәтижесінде мүмкін болып отыр. Осының ішінде жергілікті бюджетке 43,7 млрд. теңге түсіп, болжам 112,4 пайызға орындалды. Республикалық бюджеттен берілетін қаражаттың есебінен облыстың бюджеттік шығындары 63,9 млрд. теңгені құрады. Бюджеттік мекемелердің ағымдағы шығындарға (еңбекақы, әлеуметтік жәрдемақы, дәрі-дәрмек және басқа) қажеттіліктері 100 пайызға қанағаттандырылды.
Соңғы жаңалықтар