11:30, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Өңірде өзіне-өзі қол жұмсаушылар көбейіп кетті
ОРАЛ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өзіне-өзі қол жұмсаушылар көбейіп кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өткен жылы өңірде осындай 208 оқиға тіркелсе, биыл екі айға жетер-жетпес уақытта мұның саны 21-ге жетіп отыр. Соңғы оқыс оқиғалардың бірі ақпанның 17-сінде Орал қаласында орын алды. Өз үйінің жанынан Орал қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Қайрат Ақболатовтың мүрдесі табылды. Облыстық ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәрдің сөзіне қарағанда, бұл азаматтың өзі тұрған үйдің 10-қабатынан секіріп кеткені белгілі болып отыр.