Өңірде сыбайлас жемқорлық әр салада көрініс тауып отыр

ОРАЛ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық әр салада көрініс тауып отыр.
None
None
Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес өткізген дөңгелек үстел отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сауалнамаға қатысқандардың 71,7 пайызы қандай жағдаймен болсын сыбайлас жемқорлыққа қатысы болғанын айтады. Жемқорлық мәселесіне келгенде, әсіресе, денсаулық сақтау, көлік инспекциясы, білім беру мекемелері көш бастайды. Өткен жылы партия мүшелерінің ішінде он бір адамның сыбайлас жемқорлыққа қатысы бары анықталып, партия қатарынан шығарылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күресте белсенділік танытып, бірлесе әрекет жасаудың қажеттігін атап көрсетті. Бұл мәселеге байланысты аталмыш кеңес төрағасы Самат Оспанов, облыс прокурорының орынбасары Серік Шалабаев, әділет департаменті бастығының орынбасары Күнсәуле Аралбекова және басқалар өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Соңғы жаңалықтар