Өңірде сыбайлас жемқорлыққа байланысты қозғалған қылмыстық істердің басым көпшілігі қаржы полициясының үлесіне тиеді

ОРАЛ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында облыс құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа байланысты 129 қылмыстық іс қозғаса,
None
None
соның 105-і немесе 81 пайызы облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) үлесіне тиесілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департаменттен түскен мәліметке сілтеме жасап. Мұнда Елбасы алға қойған міндеттерге сәйкес бес бағыт, атап айтқанда, кедендік бақылау органдары, салық қызметі, жол полициясы, мемлекеттік сатып алу, жер телімдерін бөлу және сатуға айрықша назар аударылып отыр. Департамент осы салалардағы 54 қылмысты анықтады. Мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге тырысқанымен, қылмыс әлі де азаймай келеді.
Соңғы жаңалықтар