12:18, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
Өңірде тұрғын үй құрылысына бір айда 97,2 млн. теңге жұмсалды
ОРАЛ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысына бір айда 97,2 млн. теңге жұмсалды, бұл – инвестицияның 1,7 пайызы.
Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, жекеменшік құрылыс компаниялары 2,8 мың шаршы метр 31 пәтерді іске қосты. Ауылдық жерде 493 шаршы метр немесе тұрғын үй көлемінің 17,7 пайызы пайдалануға берілді. Салынған тұрғын үйдің 48 пайыздан астамы ? Орал қаласы, 34,2 пайызы Бөрлі ауданының үлесіне тиеді.
Қаңтар айында тұрғын үй пайдалы алаңы әр шаршы метрінің орташа құны 28,3 мың Оралда 31 мың) теңгені құрады.