Өңірде жасөспірім қолымен жасалған қылмыс жиілеп кетті

ОРАЛ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жасөспірімдер қолымен жасалған қылмыс жиілеп кетті. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен, құқық қорғау органдары, білім саласы басшыларының қатысуымен өткізілген кеңесте де бұл мәселе арнайы талқыланды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс басшысының айтуынша, тек биылғы жылдың төрт айында жасөспірімдер қылмысы өткен жылғымен салыстырғанда, 32,4 пайызға көбейген. Соның ішінде Оралда 49-дан 67-ге, Бөрлі ауданында 7-ден 10-ға, Жәнібек, Тасқалада 4-тен 5-ке өсіп кеткен.

Облыстық ішкі істер департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Манарбек Ғабдуллиннің сөзіне қарағанда, 2009 жылы қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың басым бөлігі - мектеп оқушылары, қалғаны - түрлі колледж, лицей, ЖОО шәкірттері.

Кеңесте сондай-ақ шәкірттері «тәртіп бұзып», ерекше «көзге түскен» білім ошақтарының басшылары да есеп берді. Мәжіліс қорытындысында облыс әкімі мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін нақты шаралар алуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар