Өңірде «жасотандықтар» да белсенді іс-қимылымен көзге түсіп келеді - БҚО

ОРАЛ. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «жасотандықтар» да белсенді іс-қимылымен көзге түсіп келеді. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП Бөкей ордасы аудандық конференциясында айтылды.
None
None

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе - «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы саяси кеңесінің есебі туралы» филиал төрайымы, аудандық мәслихаттың хатшысы Гүлжиян Бисекенова баяндама жасады.

Бүгінде аудандық филиалдың 11 бастауыш ұйымында 1294 мүше бар.

Филиалдың партиялық бақылау комиссиясы 2009-2010 жылдардағы жұмысын негізінен аудандағы құрылыс және жөндеу жұмыстары жүріп жатқан нысандарға бағыттады. «Жол картасы» және «Тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, сондай-ақ облыстық бюджет есебінен қаржыландырылған нысандардың жұмысын бақылау мақсатында 2009 жылы жеті партиялық бақылау тірегі құрылса, өткен жылы ол тіректер медицина саласына бірыңғай денсаулық сақтау жүйесінің енгізілуіне байланысты толықтырылып, қайта жасақталды.

Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты өздерінің үлкен саяси күш екенін іспен беркіндіруде. Аудандық филиал мүшелерінің 201-і - отыз жасқа дейінгілер. Есепті кезеңде «Жас Отан» жастар қанаты мен аудандық «Нарын жастары» қоғамдық бірлестігі бірлесе жұмыстанып, аудан жастарының қатысуымен бірнеше акция мен іс-шара өткізді. Олардың ішінде «Ардагерлерді ардақтайық!», «Киелі мұрамызға тағзым!», «Нар тұлға» және басқа партия бастамалары мен акциялары да, «Нарын жұлдыздары» шығармашылық фестивалі, «Қазақстан - біздің Отанымыз» атты жастар фестивалі, «Қолаң шаш» байқауы, облыстық ашық би байқауы бар.

Конференцияда сөз алған делегаттар ауылдың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы атқарылып жатқан істерді, партия мүшелерінің оған белсене араласып жүргендерін тілге тиек етіп, бөкейліктердің Елбасы саясатын қолдайтындықтарын білдірді.

Конференцияға арнайы қатысқан «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы саяси кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Ақсерік Әйтімов партияның облыстық филиалы атынан аудандық филиал төрағалығына аудан әкімі Рахман Кариннің кандидатурасын ұсынып, ол толық қуатталды. А.Әйтімов Гүлжиян Бисекенова мен Асылбек Нұралиевке облыстық филиал төрағасының алғысхатын табыс етті.

Соңғы жаңалықтар