Өңірде жастар тәжірибесіне сәйкес жас мамандар өз орындарын табуда

ОРАЛ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Жол картасы» аясында жастар тәжірибесіне бөлінген қаржы биыл 108,5 млн. теңгеге жетті.
None
None

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бөлім бастығы Мұнара Қапышеваның сөзіне қарағанда, күні бүгін жастар тәжірибесін өткізу жөнінде 464 кәсіпорынмен келісім-шарт жасалды. Осы ұйымдарға биылға жоспарланған 904 жас маманның 693-і жіберілді. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың орташа айлық жалақысы да өсіп, 20 мың теңгені құрайды.

Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Тамара Кучкинаның мәлімдеуінше, қалада осы мақсатта 148 кәсіпорын-мекеме жұмыс жасайды, бұларға 250 түлек жіберілген. Олардың арасында экономикалық, техникалық, педагогикалық және заңгерлік мамандық иелері басым. Қалаға жастар тәжірибесіне 30 млн. теңге қаралса, соның тең жартысы игерілген.

Соңғы жаңалықтар