12:15, 05 Ақпан 2009 | GMT +5
Өңірде жол-көлік оқиғалары 10 пайыздан астамға азайып отыр
ОРАЛ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғалары 10 пайыздан астамға азайып отыр.

Бұл туралы облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Біржан Қанешевтің төрағалығымен өткен жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі комиссия отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Тельман Үсеновтің айтуынша, өткен жылы өңірде 305 жол апаты тіркеліп, 88 адам қаза тапса, 207-сі түрлі жарақат алған.
Комиссия отырысында соңғы кезде автокөліктердің өртенуі жиілеп кеткені сөз болды. Тек қаңтар айында облыста сегіз автомашина электр сымдарының қысқа тұйықталуынан отқа оранған.
Отырыста сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың қазіргі жай-күйі туралы да айтылды.