Өңірдегі кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс орындарын күрт қысқартуға жол бермеуге бағыт ұсталып отыр

ОРАЛ. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс орындарын күрт қысқартуға жол бермеуге бағыт ұсталып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің сөзіне қарағанда, бұл жағдай жіті бақылануда. Қазір кейбір кәсіпорындарда өндірістің уақытша тоқтап қалуына байланысты 557 адам жұмыссыз отырса, 126 адам амалсыздан ақысыз демалысқа шығарылды. Күні бүгін қызыл кірпіш шығаратын кәсіпорында - 45, «Омега» АҚ-да - 58, «Диана-Плюс» фабрикасында ? 144, «Орал-сусын» ЖШС-інде 274 адам ақысыз демалыста. Осыған байланысты өнеркәсіп, құрылыс және басқа да мекемелер басшылары жұмыс орындарын қысқартпаудың жолдарын қарастыруда. Жұмыс орындарын сақтау және жұмысшыларды әлеуметтік қорғау жөнінде облыс әкімдігі кәсіподақтармен бірлесіп 28 ірі және орта кәсіпорынмен меморандумдарға қол қойып, нақты жұмыстар жүргізуде.
Соңғы жаңалықтар