16:45, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Өңірдегі шағын кәсіпкерлік нысандары 87,7 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсетті
ОРАЛ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысы шағын кәсіпкерлік нысандары 2008 жылы 87,7 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсетті.
Облыс әкімдігінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл 2007 жылғыдан 13,3 пайызға көп. Өңірде 33 мың шағын кәсіпкерлік болса, оларда 55,3 мың адам жұмыс жасайды.
Екінші деңгейдегі банктер шағын бизнес нысандарына 20028 млн. теңгенің несиесін берсе, облыстың шағын несие ұйымдары, сондай-ақ «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалы 756,1 млн. теңгеге 1866 шағын несие таратты.
Облыстық бюджеттен шағын бизнесті несиелеуге 770 млн. теңге бөлінді.