Өңірдің жас дарын иелеріне облыс әкімінің арнайы сыйлықтары табысталды

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысының әкімі Альберт Рау салтанатты жағдайда бір топ жас дарын иелеріне жыл қорытындысы бойынша Шоқан Уәлиханов, Қаныш Сәтбаев, Мәлік Ғабдуллин атындағы сыйлықтарды табыстады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас ғалымдар сайысына жүзден астам үміткер қатысып, бақтарын сынаған. Солардың ішінен он жұмыс атап өтілді. Байқау нәтижесі бойынша Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің мұғалімі Жансая Өсіпова, Көкшетау университетінің 3 курс студенті Зарина Әбдірахманова, Абай Мырзахметов атындағы университеттің 4 курс студенті Әсел Бекенова «Туған өлкесін үздік зерттеуші», осы университеттен Екатерина Денгис, Рабиға Шамиғанова, Көкшетау экономика және менеджмент институтынан Ғалия Әбжанова мен Рүстем Аюлова «Үздік инновациялық жоба», Абай Мырзахметов атындағы университетінің студенті Елена Миленина мен заң кафедрасының мұғалімі Нұрлыгүл Әлжапарова мен Қызылжар орта мектебінің ұстазы Айгүл Кенжебаева «Азаматтығы мен патриоттығы үшін» номинацияларының жүлдегерлері атанды. Оларға облыс әкімінің дипломдары мен елу мың теңгеден сыйақы табысталды.

Соңғы жаңалықтар