Өңірлер бойынша жоғары еңбекақы Атырау облысында сақталуда
бұл көрсеткіш өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 18,6 пайызға, ал нақты мәнде 10,1 пайызға өсті.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне қарағанда, салалық құрылымда ең жоғары жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерде сақталып отыр (181,6 мың теңге). Ал қаржылық және сақтандыру қызметтерінде еңбекақы - 180,3 мың теңгені, тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді өңдеуде 168,9 мың теңгені құрады. Ең төменгі жалақы ауылдық жерлерде, орман және балық шаруашылығы саласында байқалып отыр (50,7 мың теңге).
Өңірлер бойынша жоғары еңбекақы (162,7 мың теңге) Атырау облысында сақталуда. Бұл өңірдегі жалақы орташа республикалық көрсеткіштен 1,8 есеге артық. Солтүстік Қазақстан облысында оның көлемі 66,0 мың теңгені құрады. Бұл ел бойынша орташа деңгейден 28,1 пайызға төмен.