Өңірлер тынысы Елбасы ойынан шықты

АСТАНАА. ҚазАқпарат - Өткен аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қызылжар, Қостанай, Ақмола өңірлерінде болды. Жылдағы дағды бойынша бұл жолы да аталған астықты өңірлерді аралап шықты.
None
None

Мемлекет басшысы Қызылжар өңіріндегі сапарын егіс алқаптарындағы егін орағының барысымен танысудан бастады. Тұрғындармен кездесулерде ауылшаруашылығы мен әлеуметтік, көлік инфрақұрылымы салаларының мәселелері кеңінен сөз болды. Президент Петропавл халықаралық әуежай ғимаратын аралап көріп, ұшу-қону жолағы мен жолаушылар терминалын қайта жаңғырту барысымен танысты. Елбасы аралаған танаптардан Қызылжар ауданы «Шағала-Агро» ЖШС жоғары түсім алуда екен. Серіктестік басшысы Жомарт Омаров өндіріске пайдаланылатын жер телімдерінің 35 мың гектарды құрайтынын, оның 9 мың гектарына дәнді, 13,6 мың гектарына майлы дақылдар егілгенін, астықтың 85 пайызы бастырылғанын жеткізді.

Президентке облыс әкімінің бі¬рінші орынбасары Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіп кешенінің негізгі көр¬сеткіштері мен оны дамыту жолында атқарылып жатқан шаралар туралы баян¬дады. Нұрсұлтан Назарбаев механизаторлармен және аграрлық компания өкілдерімен әңгімелесу барысында астық өндірісін әртараптандырудың, аз шығын жұмсап, мол өнім алудың бәсекелестік қарымын арттырудың маңызына ерекше тоқталды. Қызылжардың құнарлы топырағында майлы дақылдар да жақсы өсетінін тілге тиек еткен Президент ет, сүт өнімдерін қалдықсыз қайта өңдеу ісін ауылдарда жалғастыру керектігін назарға алды. Елбасына шаруалар жан-жақты қолдауы және ауыл шаруашылығы саласындағы тиімді мемлекеттік саясаты үшін алғыстарын білдірді. Ал Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға жемісті жұмыс, табыс пен бақ-береке тіледі.

- Атқарылған жұмыстар аз емес. Менің тапсырмам бойынша қолға алынған «Серпін - 2050» бағдарламасы шеңберінде оңтүстік өңірлерден 1 мыңға жуық жастардың осында білім қуып келгендері, 118 отбасының қоныстануы құптарлық. Ол жақтарда жер де, жұмыс та тапшы. Теріскейдің шұрайлы табиғаты, құнарлы топырағы мал да, астық та өсіруге өте қолайлы. Биыл 700 шақырым жолды қалпына келтірген екенсіздер. Жол - экономиканың, тіршіліктің күретамыры. Жолсыз бүгінгі өмірді елес¬тету қиын, - деді Президент.
Президент келесі кезекте әскери өнеркәсіп көрмесінде болып, жергілікті кәсіпорындар шығаратын әскери техникалар үлгілерімен танысты. Көрмені аралап шыққан Н.Назарбаев отандық қорғаныс өнеркәсібінің өндірістік мүмкіндігі мен инновациялық әлеуетіне оң баға берді.

Қостанайға жұмыс сапарымен табан тіреген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдымен облыспен аттас аудандағы «Өтеулин» шаруа қожалығының егіс алқабына бет бұрды. Алқап басында Нұрсұлтан Назарбаевқа бидай сорттарының көрмесі көрсетілді. Онда бидайдың облыс өңірінде өсірілетін 19 сортының үлгісі қойылды. Мемлекет басшысының Қостанайға сапары «Баян Сұлудың» тәттілерін өндіретін акционерлік қоғамында жалғасты. «Баян сұлу» ескіден қалған кондитер фабрикасы болғанымен, тәуелсіздік жылдары мұның тек аты ғана емес, заты да өзгеріп, еліміздегі ірі өңдеу кәсіпорнына айналды.

Мемлекет басшысының Ақмола облысындағы сапары аясында Қазақстан Тәуелсіздігімен құрдас «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамында жаңа инновациялық желі іске қосылды.

Өткен жылы қолға алынған бұл жобаға 3,7 миллиард теңге қаржы жұмсалған және көптеген жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туған. Жаңа өндірістік желі алкогольсіз сусын дайындаудың барлық айналымында кластерлік жүйе мен жұмыс істейді, яғни сусынды дайындап, өздері жасаған құтыларға құйып, тұтынушыларға дайын өнімді үздіксіз жеткізеді.

Еліміз тәуелсіздігін алған 1991 жылы құрылған кәсіпорында бүгінде 100-ге тарта өнім түрлері шығарылады. Оның ішінде соңғы 15 жыл бойы «Туран» брендімен («TURAN») Ресей Федерация¬сына минералды сулар мен алкогольсіз сусындар тұрақты түрде жеткізіліп келеді. Қазіргі күні кәсіпорында экологиялық таза аймақтардан бутилденген табиғи минералды су шығару бойынша Оңтүстік-Шығыс Азиядағы халықаралық маңызы бар ең үздік инновациялық қазақстандық кәсіпорынды құруға арналған жаһандық жаңғырту басталды. 2020 жылға дейін табиғи минералды суды жылына 400 миллион литрге дейін жеткізуге мүмкіндік беретін өндірістік қуатты арттыру жоспар¬ланған.

Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары барысында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы тұңғыш бірлескен жоба - Көкшетаудағы «Қазақстанның агроинновациялық корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Мемлекет басшысы еліміздің теңізге шығар жолы болмағандықтан, басқа елдермен сау¬да байланысына, ал ол өз кезегінде өндірісіміздің дамуына кері әсерін тигізгенін, осы орайда тығырықтан шығар жол ретінде автокөлік және темір жол байланысын дамытуға жете көңіл бөлінгендігін атап өтті.

Одан әрі Елбасы Ақмола облысының қазіргі даму жайына тоқ¬талып, соңғы жылдарда облыс шаруа¬шылықтары¬ның 10 мыңдай шетелдік техниканы сатып алғандығын, өнімділігі жоғары техникалардың арқасында егін шаруашылығының айтарлықтай дамып отырғанын тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар