Өңірлер жасыл және сары аймаққа өткенде қандай карантин шаралары енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия отырысында эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы қайта қаралды. Ахуал нашарлаған жағдайда шектеу шараларын енгізу шарттары өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Оған сәйкес, өңір жасыл аймақта болып, бірақ «R» саны жоғары болса, жабық орындар мен қоғамдық көлікте маска тағу ұсынылады.

Өңір сары аймаққа ауысқан жағдайда:

- науқаспен байланыста болғандарды қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру;

- COVID-19 жұқтырған науқаспен байланыста болған вирусқа қарсы екпеге қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру;

- білім беру ұйымдарында топтарды біріктіре отырып, іс-шараларды өткізбеу (топтарда іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі);

- объектілерде санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау, объектілерде үй-жайларды күнделікті ылғалды жинау және желдету.


Соңғы жаңалықтар