Өңірлерді дамыту бағдарламасы 1 шілдеге дейін Үкіметке ұсынылады - Ж. Айтжанова

АНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлерді дамыту бағдарламасын Үкіметке ұсынатын болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Экономикалық даму және сауда министрлігінде өткен алқа мәжілісінде ведомство басшысы Жанар Айтжанова мәлім етті.

«Өңірлік саясат және стратегиялық жоспарлау бағыты бойынша министрлік барлық стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, оның ішінде 2020 стратегиялық жоспар индикаторларына мониторинг жүргізіп, баға берілетін болады. Ал ағымдағы жылғы Елбасының жолдауын жүзеге асыру мақсатында 1 шілдеге дейін Өңірлерді дамыту бағдарламасы әзірленіп, Үкіметке ұсынылатын болады. Болжамды схеманың негізгі ережелерін іс жүзіне асыру мақсатында министрлік өңірлердегі өсім нүктесін, дамудың жоғары әлеуетіне ие елді мекендерді анықтайтын болады», - деді Ж. Айтжанова.

Бұдан бөлек, министр кәсіпкерлікті дамыту және бизнес-климатты жақсарту мәселесіне тоқтала келе, бұл бағытта рұқсат беру жүйесі мен әкімшілік кедергілерді жою шаралары әлі де жетіле түсетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар