Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Қазақстанда биыл 103,8 мың шаршы метрге пәтер салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Қазақстанда 150 мыңнан астам шаршы метр пәтер пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Мамыталиев мәлім етті.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, аталған бағдарлама бастау алғалы бері Қазақстанның 10 өңірінде 13 нысан бойынша келісімшарт жасалған.
«Есептік кезеңде, яғни 2015 жылы Алматы облысында - 85 мың шаршы метр, Астанада - 32 мың шаршы метр, Қарағандыда 8 мың, Өскеменде - 25 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Осылайша, өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Қазақстанда 151,4 мыңнан астам шаршы метр пәтер салынды. Сонымен қатар 2015 жылы 15,4 мың шаршы метр немесе 292 пәтер сатылды. 142,5 мың шаршы метр немесе 2728 пәтер сатып алу құқығымен жалға берілген», - деп атап өтті ол.
Б. Мамыталиевтің сөзі бойынша, сатып алу құқығымен жалға беру тетіктері бойынша, пәтер 15 жыл мерзімге дейін беріледі. Астана және Алматы қалаларында ондай пәтерлердің арендалық құны шаршы метріне 1612 теңгені құрайды. Өскемен және Қарағанды қалаларында - 1414 теңге.
«Бұл баға жалға алу мерзімі барысында өзгермейді және тұрақты болып табылады. Егер ұлттық валюта құны өзгеріске ұшыраса да, оның деңгейі сол қалпында қалады. 2016 жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 103,8 шаршы метр үй салынады деп күтілуде. 94,2 мың шаршы метр немесе 1463 пәтер сатамыз деп жоспарлап отырмыз», - деді «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік» АҚ Басқарма төрағасы.

Соңғы жаңалықтар