Өңірлерге үздік педагогтарды тарту – жоспарланған 2 мың мұғалімнің 56-сы ғана өткен
Министрдің айтуынша, білім сапасын бағалауда басты назар ішкі және сыртқы бағалау құралдарына бағытталады.
Мектепке дейінгіден ТжКБ-ға дейінгі барлық деңгейде білім беру сапасын бағалаудың ұлттық шеңберін әзірлеу жоспарланған.
«Өңірлерге үздік педагогтарды тарту бағдарламасын іске асыруға назар аударғым келеді. Бағдарламаны бағалау критерийлері бойынша жоспарланған 1954 педагогтың 56-сы өтті (Атырау облысы – 9, Маңғыстау облысы – 9, Түркістан облысы - 13, Алматы облысы – 25). Сондықтан бағдарламаға қатысатын мұғалімдерге қойылатын талаптарды қайта қарау жөнінде шешім қабылдадым. Бұл мәселе педагогтар мен сарапшылар қауымдастығын тарта отырып талқыланады», - деді Ғани Бейсембаев елордада өткен министрліктің алқа отырысында.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрі «Алтын белгіге» үміткер оқушылардың білімін НЗМ-да растау туралы сұраққа жауап берген еді.