Өңірлік хаб Орталық Азияны халық игілігіне жұмыс істейтін сапалы мемлекеттік қызметтің кеңістігіне айналдырады - А. Бушез

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Өңірлік хаб Қазақстан мен оның көршілес елдерін жоғары сапалы мемлекеттік қызметтің халық пен мемлекет игілігіне жұмыс істейтін кеңістікке айналдырады.
None
None

Бүгін Астанада Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың құрылтай конференциясында сөз сөйлеген Еуроодақтың Қазақстан Республикасындағы делегациясының басшысы Ауриелия Бушез осылай мәлім етті.

«Менің ойымша, Өңірлік хабтың құрылтайын өткізудің өзі Қазақстанның аймақтық рөлінің артып отырғанын білдіреді. Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб туралы мұндай бастаманың жетіле түскені маңызды. Сонымен қатар, қазіргі заманда өз азаматтарын қарқынды экономикаға үндейтін мемлекеттерден ең алдымен мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту талап етіледі. Бұл ретте жоғары білікті қызметкерлердің рөлі де ерекше. Ал БҰҰ Даму бағдарламасының бұндай маңызды бастамаға қолдау білдіруі де соның айғағы болса керек», - дейді А. Бушез.

Делегация басшысының айтуынша, Өңірлік хаб Қазақстан мен оның көршілес елдерін жоғары сапалы мемлекеттік қызметтің халық пен мемлекет игілігіне жұмыс істейтін кеңістікке айналдыруды қамтамасыз етеді. «Бұл ретте Еуропалық одақ өкілдері бұндай бастаманың әріптесі болып отырмыз. Әріптес болудың себебі де көп, дегенмен екі маңыздысын бөліп айтуға болады. Біріншісі - бұл Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен техникалық ынтымақтастық бойынша ұзақмерзімді әріптестік. Екіншісі - бұл біздің Еуропалық одақ шеңберіндегі және одан тысқары жерлердегі өңірлік әріптестік бойынша тәжірибеміз», - деді А. Бушез.

Соңғы жаңалықтар