Өңірлік театрлардың репертуарын түрлендіру қажет - А.Мұхамедиұлы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңірлік театрлардың репертуарын түрлендіру қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомствоның басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
None
None

«Оңтүстік Кореяда тек республикалық емес, сонымен бірге жеке театрлар да елдің Мәдениет министрлігіне репертуар саясатымен бірге қаржылық қызметі жайында да есеп береді. Ал бізде мұндай қатаң талап жоқ. Дегенмен, реперутарлық саясатта мемлекеттік ықпал болуы тиіс», - деді ол.

Министрдің айтуынша, еліміздің көптеген өңірлік театрларының режиссерлері негізінен жергілікті батырларды сахналауға әуес. Сондықтан олардың репертуарларын түрлендіретін уақыт жетті.

«Мен 6 жыл Өнер академиясының ректоры болдым. Біз жас таланттарды өңірлерге жіберген кезде Әнуар Молдабеков те, Олег Табаков та өнер жолын өңірлік театрдан бастағанын айтып көндіретінмін. Ал олар 1 жылдан кейін қайтып келіп: «Ағай, қайдағы Шекспир, қайдағы Айтматов? Біз директордың пьесасындағы жергілікті батырдың рөлін сомдаймыз», дейді. Әрине, шығармашылық тұрғыдан өсу үшін әркім де барынша қолайлы жағдайдың болғанын қалайды. Сондықтан да жастар Алматы мен Астанаға оралады», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар