Онкология, туберкулез, инфаркт: МӘМС жүйесіне қандай өзгерістер енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Астана филиалының мамандары Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету орталығында МӘМС-ке қатысты жаңа өзгерістерді кеңінен түсіндірді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Онкология, туберкулез, инфаркт: МӘМС жүйесіне қандай өзгерістер енгізілді
Фото: Pixabay.com

Мамандардың айтуынша, енді соңғы бес жылда тұрақты төлем жасаған азаматтар уақытша жарна төлемей қалса да, сақтандырылған мәртебесін алты айға дейін сақтап қала алады. Бұған дейін бұл мерзім үш аймен шектелген еді. Аталған азаматтарды қиын жағдайда да медициналық көмексіз қалдырмауға бағытталған қадам.

Сонымен қатар сақтандыру мәртебесіне қарамастан тегін көрсетілетін қызметтердің тізімі кеңейді. Онкологиялық ауруларға скрининг, туберкулез, АИТВ, вирусты гепатит, бауыр циррозы, онкологиялық, психикалық, сирек кездесетін аурулар, инфаркт пен инсульт бойынша кеңес беру мен диагностика тегін көрсетіледі.

— 2026 жылдан бастап МӘМС базалық пакеті жаңа қызметтермен толықтырылады. Атап айтқанда, амбулаториялық диализ, 1-2 топтағы созылмалы ауруларға динамикалық бақылау және кеңес беру, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек, — дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Астана филиалының бөлім жетекшісі Шынар Сатылханқызы.

Айта кетелік дәрігерлерге арналған ЖИ-ассистент жұмыс істейтін болады

 

Соңғы жаңалықтар