Онкологиялық ауруларды емдеу үшін ШҚО 15 млн. теңгенің құрылғысын сатып алады

«Жыл санап онкологиялық ауруға шалдығу фактілері артуда. 2013 жылдың 6 айында аудан бойынша 10 науқас тіркелсе, 2014 жылдың осы кезеңінде мұндай 14 жағдай байқалған. Онкологиялық ауруының кең тарауының негізгі себебі - адамдардың дәрігердің көмегіне уақтылы жүгінбеуі. Адамдар дерттің 3-4-деңгейінде ғана ақ халаттыларға көмек сұрап келеді, - деді Тарбағатай ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Гайдар Жақсылықов.
Ауданда халықты ақпараттандыру бойынша, прафилактикалық тексерулер, медициналық жабдықтарды сатып алу бойынша ауқымды шаруалар атқарылуда.
Бас дәрігердің айтуынша, ауданға онкологиялық аурулардың алдын алу үшін скринингтік бағдарламалар аясын кеңейту қажет.
Кеңес отырысына ауданның қоғамдастық кеңесінің мүшелері, аудандық ауруханалардың өкілдері, сонымен бірге Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанғазы Әліпбаев пен облыстық онкологиялық диспансердің онколог-хирургы дәрігері Роман Налибаев қатысты.