Онкологиялық аурулардың ішінде сүт безі қатерлі ісік ауруы бірінші орында тұр

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда онкологиялық ауруларға шалдығушылықтың құрылымы бойынша бірінші орында сүт безі қатерлі ісігі (12.7 пайыз) тұр.
None
None

Одан кейінгі  орында - өкпе қатерлі ісігі (10.4 пайыз),  үшінші орынды асқазан қатерлі ісігі алып отыр (7,9 пайыз). Бұл туралы бүгін «Онкологиялық аурулардың алдын алу әдісі ретінде 2011 жылғы Астана қаласы тұрғындарының скринингтік зерттеулерінің қорытындысы» атты баспасөз мәслихаты барысында мәлім болды.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың ағымдағы жылғы Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және  Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Астанада онкологиялық аурулардың алдын алу әдісі ретінде елорда тұрғындарына  скринингтік зерттеулер жүргізілген болатын. Санақ мәліметтеріне сәйкес, гематологиялық және онкологиялық аурулар Қазақстанда бір жастан асатын балалар арасындағы өлім, оқыс туындайтын қатер жағдайлар, өзіне-өзі қол жұмсау, жарақаттар мен автокөлік апаттарынан кейінгі екінші орында. Сонымен бірге, өлім-жітімнің ең көп жағдайы, әсіресе, ер адамдарда 61 жастан асқандарда, қатерлі ісік ауруының 3-4 кезеңіндегі адамдарда байқалады.

Жалпы ДДҰ сарапшыларының бағалауы бойынша, 30 пайыз жағдайда қатерлі ісіктің пайда болу қаупін дұрыс тамақтану, белсенді өмір салтын ұстану және шылым шегуден бас тарту есебінен алдын алуға болады. Бұдан бөлек, мамандар теріге ультракүлгін сәулелердің әсерін төмендету мақсатында солярий қабылдау санын азайту керек.

«Онкологиялық аурулармен күрес барысында ерте кезде жасалатын диагностиканы жетілдіру ісі аса маңызды. Алғашқы медициналық көмекке жүгінудің бірқатар жағдайларында аурулар асқынған жағдайда кездеседі. Көптеген ісіктер 25-40 жаста, ал кейбіреулері балалық шақта қалыптасады. Бірақ тұрғындардың көптеп қаралуы - басты алғышарт емес, скринингтік бағдарламалардың жұмысының тиімділігін арттыру қажет», - дейді мамандар.

 

Соңғы жаңалықтар