Онлайн жиналыста қызметтік этиканы бұзған әскери басшылардың әрекеті тексеріліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Қорғаныс министрлігі қызметтік жиналыс кезінде этиканы сақтамаған әскери басшылардың әрекетіне қатысты түсінік берді.

Педагогтар, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер; Астанада 90 әскери міндетті әскери жиынға шақырылды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Әлеуметтік желілерде Қызылорда облысының жергілікті әскери басқару органдарының қатысуымен 2025 жылғы 9 маусымда өткен онлайн кеңестің бейнежазбасы тарады.

- Кеңес барысында облыстық қорғаныс істері департаменті бастығы тарапынан қызметтік міндеттердің тиісінше орындалмауына байланысты бағыныстыларға талаптар қойылған кезде этикалық норманың сақталмауы байқалды, - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратта.

Сондай-ақ хабарламада аталған жайт бойынша қызметтік тексеріс тағайындалғаны, оның нәтижесі бойынша құқықтық баға берілетіні айтылған.

Еске сала кетсек, Шымкентте сот отырысы кезінде БАҚ өкіліне аузын қисайтқан судьяның әрекетіне тексеріс тағайындалған еді. 

Сол сияқты Алматыда әлеуметтік желіде судьяның түсініксіз қимыл жасаған сәті түсірілген видео желіде талқыға түсті. Шағым нәтижесінде судьялық әдеп жөніндегі комиссия судьяға қоғамдық сөгіс жариялады. 

Соңғы жаңалықтар