Өңірлерде шағын индустриялық аймақтар құрылады

АСТАНА. KAZINFORM – «Өңірлерде шағын индустриялық аймақтар құрылады. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

сэз
Фото: Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметі

— «Ауыл аманаты» жобасы аясында шағын кредит беру басым тәртіппен «Ауыл — Ел бесігі» және басқа да бағдарламалардың құралдарын пайдалана отырып, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытумен синхронды түрде жүргізіледі. Жобаларды синхронды іске асыруды тиімді қамтамасыз ету және мамандандыруды айқындау мақсатында «AMANAT» партиясымен бірлесе ауылдық елді мекендерге скрининг жасалып, басым бағыттар мен инфрақұрылымдық қажеттіліктер айқындалды, — деді Олжас Бектенов жауабында.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы өндірілген өнімдерді сақтау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту, шығындарды азайту есебінен шаруалардың табысын арттыру, логистикалық жүйені жетілдіру және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында шағын индустриялық аймақтар құрылатынын атап өтеді.

— Сонымен қатар ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидалары өзектендірілуде. Жалпы жобаны сапалы жүзеге асыру мәселесі Үкіметтің және Ұлттық экономика министрлігінің тұрақты бақылауында. Қосымша қаражат бөлу мәселесі қажеттілігіне қарай бюджет мүмкіндігін ескере отырып қарастырылады, — деді Премьер-Министр.

Айта кетейік, Ұлттық экономика министрлігі «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асырудың жаңа моделін әзірлеп жатыр. Бағдарлама ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды көздейді. Қолдау тетігінің ішінде 2,5%-бен шағын несие мен лизинг бар. Қазір министрлік скрининг арқылы елді мекендердің мамандануын анықтау тәсілін, ережелерді жаңартпақ. 

Соңғы жаңалықтар