Оңтайландырылған ЖОО студенттері басқа оқу орындарына оқуға қосымша ақысыз ауысатын болады - ҚР БҒМ

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстандық оңтайландырылған жоғары оқу орындарының студенттері басқа оқу орындарына оқуға төлем айырмашылығынсыз ауысады, деп хабарлады Рrimeminister.kz сайтына берген сұхбатында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитет төрағасы Серік Ырсалиев.

Оңтайландырылған ЖОО студенттері басқа оқу орындарына оқуға қосымша ақысыз ауысатын болады - ҚР БҒМ

«Білім министрлігі өз тарапынан бұл студенттерге басқа университеттерге төлем және оқу бағдарламасын игеру айырмашылығынсыз ауысуға барынша жәрдем көрсетеді», - деді С.Ырсалиев.

Сонымен қатар, ол заңнамалық деңгейде оқу орындарының құрылтайшылары ЖОО жабылған жағдайда өз студенттерін басқа оқу орындарына орналастыруға міндетті екенін атап өтті.

Жалпы, ведомство мәліметі бойынша, еліміз бойынша комиссия жұмысы аясында 2015 жылға қарай ЖОО-ын оңтайландыру мәселесі шешіледі. 149 жоғары оқу орнынан шамамен 100-ін қалдыру көзделген, деп хабарлады Үкімет басшысының ресми сайтынан.