Оңтүстік Африка тұрғыны Атлант мұхитын тақтайшамен жүзіп өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстікафрикалық Крис Бертиш ескек және тақтайшамен Атлантиканы жүзіп өткен әлемдегі тұңғыш адам атанды, деп хабарлайды The Guardian.
None
None

Бертиш бұл сапарын 93 күн бұрын Марокконың Агадир қаласынан бастады. Кеше, бейсенбі күні Кариб теңізіндегі Антигуа аралына жергілікті уақытпен 8:32-де жетті.

Қырық екі жастағы ер адам сапарлаған алты метрлік тақтайшасын 120 мың долларға сатып алған. Оны британдық қайық жасаушы Фил Мориссон арнайы Бертиш үшін алты ай бойы жасаған.

Тақтайдың алдыңғы бөлігінде Бертиш ұйықтаған кішігірім каюта бар. Онда сапарға қажетті құрал-жабдықтар, GPS жүйелері, радио, автопилот, спутниктік телефон, күн панельдері және су қоры сақталған.

Сапар барысында ол «акулалармен, дауылдармен және жалғыздықпен бетпе-бет келді», - деп жазды The Guardian.

Жалпы есеппен оңтүстікафрикалық саяхатшы күніне 69 шақырым жүзіп отырған. Соңғы күні барынша тырысып, 96,5 шақырымды еңсерген. 

 

Соңғы жаңалықтар