Оңтүстік аймақтардан 80-ге жуық отбасы СҚО-ға қоныс аударды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің еңбек күші тым көп өңірлерден еңбек күші аз облыстарға қоныс аудару бағдарламасын жүзеге асыруға белсене кірісіп кетті.
None
None

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен Петропавлда өткен кеңесте СҚО әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінен.  

 «Осылайша, СҚО-ның 36 елді мекеніне басқа облыстардан келген 340 адамнан тұратын 79 отбасы қоныстанған. Отбасылардың ең көп саны ОҚО-нан - 74 отбасы, 3-уі - Алматы облысынан, 2-уі - Жамбыл облысынан көшіп келген. Қоныс аударушылардың орташа жасы - 35-40 жас», - деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А. Дүйсенова.

Соңғы жаңалықтар