«Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығы ОҚО-да 1608 жобаны қаржыландырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Оңтүстік» Қаржы орталығы Оңтүстік Қазақстан облысында төмен пайызбен 1608 жобаны қаржыландырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығының төрағасы Арман Данаев мәлім еткендей, жалпы сомасы 5 429,9 млн. теңгеге 1 608 жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде 4 114 азамат жұмыспен қамтылды.  Аталған жобалар іске қосылған уақытта жыл сайын 23 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі деп жоспарлануда. Олар ауыл шаруашылығы өнімдері, трактор, жиһаз, құрылыс заттары және т.б.

Яғни, орталық индустриаландыру картасына енген 6 жоба, мал шаруашылығын дамыту бағытында - 661, көктемгі дала жұмыстары бойынша - 839, интенсивті бау шаруашылығы бойынша 2 жоба, ал ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласы бойынша - 3 және басқа да бағыттарда 97 жобаға қаржылай қолдау көрсетті.

«Жалпы 2009-2016 жылдары «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы мен еншілес «Ырыс» микроқаржы ұйымы бірлесе отырып жалпы құны 41 889 млн. теңгені құрайтын 13 921 жобаны қаржыландырды. Нәтижесінде 36 419 жаңа жұмыс орны ашылды.

Сондай-ақ, компания басшылығы алдағы жылға өз алдына бірқатар міндеттемелер мен жоспарлар қойып отырғандығын мәлім етті. Орталық қосымша екі жаңа бағдарлама әзірлеп ұсынуды жоспарлауда. Олар ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және бизнес инкубатор бағдарламалары. Оған қоса, еңбек өнімділігінің сапасын арттыру мақсатында e-stable электронды платформасын ендіруде.

Сонымен қатар, компания жұмысының траспаренттілігін арттыру мақсатында  электрондық құжат айналымы жүйесін ендіру сияқты біршама жоспарлары бар.

Соңғы жаңалықтар