«Оңтүстік-цирк» джаз оркестрінің есеп беру концерті өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен «Оңтүстік-Цирк» мекемесінің 5 жылдық мерекесіне орай, цирк джаз оркестрі алғашқы рет жанды дауыстағы есеп беру концертін берді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Кәсіби музыка мамандарынан құралған оркестр ұжымының 5 жылда жеткен жетістіктері мен ізденістері көрермен жүрегінен орын тапты. Халықаралық әйелдер күні мерекесінде өткізілген жанды дауыстағы цирк оркестрінің кешінде қазақ эстрадасының маэстросы, сазгер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Нұрлан Байгөзов жетекшілік етті.
«Оңтүстік-Цирк» мекемесінің джаз оркестрі сүйемелдеуімен Ә.Бейсеуовтің «Мұңайма», С.Бәйтерековтің «Кездер-ай», Е.Хасанғалиевтің «Жанарым» және де шетелдік танымал сазгерлер шабытын ұштаған әндер орындалды.
Сонымен қатар, ән падишасы Ш.Қалдаяқовтың «Әнім сен едің» әнін цирк оркестрінің дарынды әншісі Диана Хашимханованың әуезді үнімен 3 тілде орындалды. Ал өнер ордасының әртістері Сергей мен Гузаль Мустафиндер оркестр әншісі Д.Хашимхановамен бірге трансформацияланған ән-шоуын ұсынды.
2012 жылы құрылған «JAZZ BAND» оркестрінде 19 музыкант пен 2 солист бар.

Соңғы жаңалықтар